Адалдық сағаты
2024жылдың 4 қыркүйек күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ұйымдастыруымен академия 1 курс студенттеріне “Адалдық сағаты” өткізілді. Іс шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре Зайдуллаұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Дулатова Гүлбақыт Сейсенбекқызы, ОҚМА комплаенс офицері Пернебаев Нұрғали Алиханұлы мен іс шараның модераторы Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы қатысты.
Студенттерге адалдық парасаттылықты дәріптейтін бейнероликтер көрсетіліп, баяндама жасалды. Нұртөре Зайдуллаұлы өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жолдарын айтып өтті. Іс шараның қорытынды сөзін алған Пернебаев Нұрғали Алиханұлы студенттерді адал білім алуға, академиялық адалдықты қатаң түрде сақтауға шақырды.