Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай «Абылай хан- қазақтың айбынды ханы» тақырыбындағы тарихи-танымдық кеш

2023 жыл мамыр айының 23 күні әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебаб кітапханасында Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай «Абылай хан- қазақтың айбынды ханы» тақырыбында тарихи -танымдық кеш өткізілді. Абылай ханның өмірі мен қызметін насихаттауға бағытталған танымдық іс-шараға тарихшылар, ұстаздар, оқушылар және студенттер мен бірге ОҚМА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ибраимова Ақмарал Жамаловна қатысып «Абылай хан туралы тың деректер» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Бұл іс-шара жастардың бойында отаншылдық сезімін қалыптастыру мақсатында қазақтың біртуар ханы Абылайдың өз халқының адал ұлы, теңдесі жоқ хан болғандығы, жас ұрпаққа қалдырар тәрбиелік мәні терең насихатталды.

24.05.2023, 17:15
711 қаралым