Абдухаимов Ержан Фархатұлы – «Қазақстанның Құрметті педагогі»

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының т.ғ.к., профессор м.а. Абдухаимов Ержан Фархатұлы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақстанның Құрметті педагогі» атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанып, 1 дәрежелі дипломмен марапаталды. Сондай-ақ, Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның құрметті педагогы» атты төсбелгісімен марапатталып, күәлік берілді.
Кафедра ұжымы Ержан Фархатұлын толағай табыстарымен құттықтайды!

06.04.2022, 11:51
511 қаралым