«8D10140 Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша Диссертациялық кеңес ашылды

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының құжаттары Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің талаптарына толық сәйкес келуіне байланысты «8D101 Денсаулық сақтау» дайындық бағытының «8D10140 Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесті Комитет төрағасының 2024 жылғы 18 маусымдағы № 534 бұйрығымен ашу ұсынылды.
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің 3-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген диссертациялық кеңестің мерзімі 3 жылға құрылып, яғни
2027 жылғы 12 маусымға дейін ашылғанын мәлімдейміз.

24.06.2024, 17:06
291 қаралым