«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі

Аса қадірменді қыз-келіншектер! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
8 наурыз мәртебелі мейрам, қоғамның дамуында Сіздердің қызметтеріңіз ерекше, оны біз білеміз әрі жоғары бағалаймыз! Қашан да біз Сіздермен біргеміз! «Қыздардың теңдесі жоқ бір асыл зат, ежелден бағалаған оны адамзат» дегендей қыз жаны табиғатынан сұлу және құрметтеуге лайықты. Көктем сіздердің өмірлеріңізге жаңа мүмкіндіктер, жаңа эмоциялар мен қуанышты оқиғалар әкелсін.
Мереке құтты болсын, арулар!

07.03.2024, 16:20
663 қаралым