8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
2025 жылдың 7 наурыз күні ОҚМА АҚ үлкен мәжіліс залында академия ер азаматтарының ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі» күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны ректор Ж.Сейтжанова ашып беріп, қыз-келіншектердің қоғамдағы орнының маңыздылығын атап өтті. Ары қарай ер азаматтардың қатысуымен тамаша би, әсем әндердің орындалуымен концерттік бағдарламаға жалғасты.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұжымы әрқашан өзінің кәсібилігімен, адалдығымен және өз ісіне деген махаббатымен ерекшеленеді. Сіздердің әрқайсыңыз өз саласында жоғары деңгейде жұмыс істеп, білім мен денсаулық сақтау жүйесіне зор үлес қосып келесіздер. Бүгінгі күні сіздер тек білімді мамандар емес, сонымен қатар жанашыр, қамқор және күшті әйелдер ретінде қоғамның дамуына ықпал етіп жүрсіздер.
Мереке баршаңызға құтты болсын!
