«8 наурыз-халықаралық әйелдер күні»

940 1

2017жылдың 6 наурыз күні академияның үлкен акт залында 8 наурыз-халықаралық  әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті. 

Салтанатты жиналыста  басшылық атынан ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры- Б.К.Нурмашевқа, содан кейінгі құттықтау сөз кәсіподақ төрағасы- Е.Қ.Сәлімге, және ФІҰжБ кафедрасының меңгерушісі,фарм.ғ.д.,проф.- К.Д. Шертаеваға берілді.

940 2

Салтанатты бөлімнен соң ФІҰжБ кафедрасының ұйымдастыруымен  кафедраның жас оқытушылары және тәлімгерлік топ студенттерінің қатысуымен концерт өткізілді.

Жүргізушілер ФІҰжБ кафедрасының 1-ші оқу жылының  магистранты 

Н. Ахметов және фармация магистрі,кафедраның аға оқытушысы М.Бубешова болды.

Концертті бағдарламада музыкалық нөмірлерімен 403 Б Фк тобының студенті А.Сеидкаримова , А.Ордабек ,407 Фк тобынан Б.Спабек , кафедра магистранты А.Абуова , Н.Ахметов, сонымен қатар 4 курс студенттері екі жарқын билерін көрсетті. Мерекелік іс-шараның соңғы нөмірі кафедра оқытушыларының орындауында «Ариайдай» әні болды.

940 3

Қонақтардың арасында білім беру жөніндегі проректор М.У. Анартаева, фармацевтикалық факультеттің деканы  Н.Ж. Жумабаев, ОӘО бастығы  А.Г. Ибрагимова, СДжХЫ бөлімінің бастығы Б.О. Торланова,  кафедра меңгерушілері С.К. Ордабаева, Б.А.Сагиндыкова болды. 

Мерекелік іс-шара жоғарғы дәрежеде өтті және көрермендерге жақсы әсер қалдырды.

940 4

17.03.2017, 23:32
322 қаралым