«8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесі

2023 жылдың 7 наурызында академияның үлкен мәжіліс залында «8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне» арналған мерекелік концерт өткізілді.
Оқу орнымыздың ректоры М.Рысбеков кіріспе сөз сөйлеп, осынау жарқын мерекенің көктемнің алғашқы айының басында келуін, жақсылыққа теңеді. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні аналарымыз бен апа - қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ізгі тілектерімізді жолдайтынымызды жеткізді.
Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Іс-шара академиямыздың белсенді студенттері мен жастар бөлімі ер азаматтарының әуелеген әндерімен, аспапта ойнау өнерлерімен жалғасын тапты. Академияның арулары азаматтарға алғысын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Барша нәзік жандыларды «8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

07.03.2023, 19:32
461 қаралым