8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

2022 жылдың 5 наурызында академияның үлкен мәжіліс залында «8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне» арналған ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді.

Оқу орнымыздың ректоры М.Рысбеков кіріспе сөз сөйлеп, біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі екенін атап өтті. Осындай керемет мейрам күні академиядағы барлық нәзік жанды қыз келіншектерімізге зор денсаулық, баянды махаббат, жанұяларына бақыт тіледі!

8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.

Іс-шара академияда жұмыс жасайтын ер азаматтардың әуелеген әндерімен, аспапта ойнау өнерлерімен, поэзия-өлеңімен жалғасын тапты. Академияның арулары азаматтарға алғысын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Барша нәзік жандыларды «8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

05.03.2022, 12:05
470 қаралым