6В10111 – «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасы туралы ақпараттық үгіт-насихат семинары
2024 жылғы 10 сәуірде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы Сайрам ауданы, Қарасу ауылы №74 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына 6В10111 – «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасы туралы ақпараттық үгіт-насихат семинарын өткізді.
Мектепте бізді, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Айтенова Нұржамал, кәсіби бағдар беруші-педагог Әбдіртаева Гүлдана есімді ұстаздар қарсы алды. Семинарға 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Семинарда «ОҚМА» АҚ мақсаты, миссиясы жайлы ақпарат берілді. Академияда оқытылатын бірнеше білім бағдарламалары (ББ) жөнінде мәліметтер айтылды. Оның ішінде 6В10111 – «Қоғамдық денсаулық» ББ-ң түлектерінің кәсіби қызмет саласы, кәсіби қызмет нысандары, кәсіби қызмет түрлері жайлы мағлұматтар айтылды.
Мектеп оқушылары ерекше ынтамен және қызығушылықтарын білдірді. Өздеріне қажетті мағлұматтарды алды және олардың алдағы уақытта 6В10111 – «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасын таңдауына әсер етті.