5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша бітіруші түлектердің Қорытынды мемлекеттік аттестациясы
Бүгін, 2019 жылдың мамыр айының 20-шы жұлдызында 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша бітіруші түлектер Қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың І кезеңінен өтті. Мамандық бойынша кешенді Мемлекеттік емтихан құрамы бойынша жұмыс бағдарламаларына және типтік оқу бағдарламаларына сәйкестендіріп жасалынған келесі пәндер бойынша өткізілді:
1. Дайын дәрілік түрлердің технологиясы және биофармация;
2. Синтетикалық дәрілік заттардың технологиясы және химиясы.
Қорытынды мемлекеттік аттестациялауға Мемлекеттік аттестация комиссия төрағасы Сарибаев Абдушукир Сатибалдиевич және комиссия мүшелері қатысты. Студенттер талапқа сай киінген. Мемлекеттік емтихан нәтижесі бойынша студенттер жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ кезеңге жолдама алды.