«МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ – ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР»
5-6 қазанда өткен «МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ – ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР» атындағы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 65-жылдығына арналған ІІІ Орта – Азиялық халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция. Конференция жұмысына Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талдап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
ОҚМФА-ның «Анестизиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Ашимханқызы «Фармацевтика академиясының оқытушыларының коммуникативтік әлеуетін көтеру» тақырыбына баяндама жасады және №3сессия жұмысында: «Медициналық жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың әлеуетін дамыту: жетістіктері және перспективалары» тақырыбына белсене қатысты.