3-КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ "ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ" КАФЕДРАСЫНДАҒЫ ДУАЛДЫ ОҚЫТУЫ AKNIET GROUP-ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА
В-ФО-02-22 тобының білім алушылары «AKNIET GROUP» компаниясының қоймасы базасында дуалды оқытуға қатысты. Сабақ «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері» пәні аясында өтіп, «Фармацевтикалық фирма мен дәріхана қоймасының жұмысын ұйымдастыру. Фармацевтикалық саланың көтерме буыны» тақырыбына арналды.
Дуалды оқытудың негізгі мақсаты – теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыру. Сабақ барысында білім алушылар келесі тақырыптарды зерттеді:
1. Дәріхана қоймасының рөлі мен функциялары
2. Қойманың құрылымы және бөлімдері
3. Өнімді қабылдау, сақтау және жіберу процестері
4. GDP стандарты (Good Distribution Practice)
«AKNIET GROUP» қоймасы базасындағы дуалды оқыту арқасында білім алушылар фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру саласындағы білімдерін тереңдетіп, қойманы басқарудың заманауи тәсілдерін зерттеді, халықаралық стандарттарды сақтаудың маңыздылығына көз жеткізді. Білім алушылар тек қойма жұмысын ұйымдастыруды зерттеп қана қоймай, GDP стандарттарының іске асырылуын тәжірибе жүзінде көріп, дәрілік заттарды сақтау және жөнелту технологиялық процестерімен танысты. Бұл олардың кәсіби дағдыларын нығайтып, болашақта фармацевтикалық салада жұмыс істеуге дайындады.
Дуалды оқыту – қазіргі фармацевтикалық саланың талаптарына жауап беретін мамандарды даярлаудағы тағы бір маңызды қадам болды.