25 қазан – «Республика күні»

 

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – «Республика күні» мерекесіне орай сағат 10:00-де Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының алдында мемлекеттік ту көтеріліп, ән ұран шырқалды. Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева Мария Ұласбекқызы оқу орнымыздың қызметкерлері мен студенттерін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Іс-шараның соңы “Жастар Рухы” жастар қанатының белсенділерімен бірге ұйымдастырылған автошеруге ұласты. Автошеруге оқу орнымыздың жастарынан бөлек қала тұрғындары да белсене кірісті. Мереке құтты болсын отандастар!

26.10.2022, 16:40
356 қаралым