22 Наурыз – Наурыз мерекесі

22 Наурыз – жыл басы, еліміз үшін орны бөлек мереке! Көктем келіп, табиғат түрленіп, көтеріңкі көңілмен тойланатын мереке биылғы жылы Президентіміздің бастамасымен он күнге айдар тағылып, аталып жатыр. Жұртшылықтың бұл бастаманы ыстық ықыласпен қабылдағанын әлеуметтік желілердегі фотосессиялардан-ақ байқауға болады.
Әз Наурыз құтты болсын! Жыл молшылыққа толы болсын, бірлігіміз артсын, еліміз мәңгілік болсын деген оймен 22 Наурызда академия ұжымы қазақтың киелі үйін тігіп, елмен қауышып, мәре-сәре болып Наурызды күтеді. Биыл да сол дәстүрмен Әл-Фараби алаңында Наурыз мерекесі тойланды.

23.03.2024, 22:11
193 қаралым