2024 жылғы «12» шілдедегі «Денсаулық сақтаудағы менеджмент аспектілері» семинары туралы
12 шілдеде Академя қабырғасында «Денсаулық сақтаудағы менеджмент аспектілері» семинары өтті.
Іс-шара «ОҚМА» АҚ ғылыми-клиникалық жұмыс, докторантура және магистратура басқармасы басшысының м.а. Сейіл Б. С. құттықтау сөзімен басталды, бұдан әрі «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері М.С. Жұманқұлов сөз сөйлеп, денсаулық сақтаудағы менеджмент аспектілерінің маңыздылығын атап өтіп, академия қызметкерлеріне семинар ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
Семинар соңында тыңдаушылар алған ақпараттары үшін алғыстарын білдіріп, болашаққа бірлескен жобалар үшін негізгі идеяларын ұсынды
15.07.2024,
16:47
797 қаралым