2024 жылдың 29 қарашасында Ташкент қаласында «Бастапқы медико-санитарлық көмек: даму стратегиясы» тақырыбында І Халықаралық отбасылық медицина форумы өтті.
Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру орталығының шақыртуымен форумға "Жалпы тәжірибелік дәрігер-2" кафедрасының ассистенттері Баймуратова Б.Н., Абдиева Б.М., Тасқынова М.А., сондай-ақ интерн-дәрігерлер Жуманова Д.М. және Шерматова З.Я. қатысты.
Іс-шарада спикерлер ретінде Ұлыбританиядан Vijay Kumar және Urvashi Hegde, Сербиядан Milos Stojanovic, Тәжікстаннан Джонова Б.Ю., Израильден Ярон Гойхман, Қырғызстаннан Бримкулов Н.Н., сондай-ақ медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығының төрайымы Нугманова Д.С. және Өзбекстан өкілдері сөз сөйледі.
Бұл форум отбасылық медицина саласындағы мамандар үшін тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге тамаша мүмкіндік болды. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген жетекші сарапшылардың қатысуы медициналық қызмет көрсетудің үздік әдістерімен танысуға және бастапқы медико-санитарлық көмекті дамыту стратегияларын талқылауға жағдай жасады.
Форум қатысушылары отбасылық медицинадағы заманауи тәсілдер мен инновацияларды талқылап, халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Бұл іс-шара тек кәсіби тәжірибемен алмасу ғана емес, сонымен қатар болашақтағы даму перспективаларын анықтауда үлкен рөл атқарды.
Осындай форумдар дәрігерлер мен студенттер үшін академиялық білім мен жеке қасиеттерді дамытуда, сондай-ақ қолданбалы медицинаны жетілдіруде маңызды рөл атқарады.
Халықаралық конференцияларға қатысуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз:
- ЮКМА ректоры, Сейтжанова Жанна Серікжанқызына,
- ЮКМА деканы, PhD докторы Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлына,
- «ЖТД-2» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызына.
Сіздердің қолдауларыңыз бен еңбектеріңіздің арқасында біз халықаралық аренада өз елімізді танытып, болашақ медицинаның дамуына үлес қосу мүмкіндігіне ие болдық.