16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні!
2022 жылдың 14 желтоқсан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастырумен «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне» орай танымдық кездесу іс-шарасы өтті.
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ең үлкен аманаты. Сондықтан оның мәнін ұғынып, баянды да мәңгі болуына аянбай қызмет ету – басты парызымыз деп алғашқы сөзді бастаған ОҚМА ректоры М.Рысбеков академия ұжымын мерекемен құттықтады. Ары қарай сөз кезегін Әл-Фараби ауданының әкім орынбасары Смайлов Балтабай Оспанұлы, Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының мүшесі Наханов Ниязбек Нурмаханбетович, Газизова Қарлығаш Гимрановна, Тулеметова Сейсенкул Ертаевналар өздерінің желтоқсан оқиғасы кезіндегі естеліктерімен бөлісті.
Мереке соңы желтоқсан оқиғасы қаһармандарына арнайы дайындалған бейнероликпен және академиямыздың белсенді студенттері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, ОҚМА ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.