16-желтоқсан - әр қазақтың жүрегінде
2020 жылғы 11 желтоқсанда академияның акт залында онлайн форматта Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ОҚМА ректоры, профессор М.М. Рысбеков кіріспе сөз сөйлеп, еліміздің даму тарихындағы маңызды кезеңдерді атап өтті, сондай-ақ қызметкерлерді құттықтап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ОҚМА грамоталарын тапсырды. Жиында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Б.Өтегенов баяндама жасады. Академия белсенділері концерттік бағдарлама көрсетіп, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының эпизодтары бойынша қойылым қойды.
Бұл іс - шараның мақсаты-өз халқының тарихын білу және жас республиканың гүлденуі үшін өз өмірін қиған батырларын еске алу.
