14 Ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

14 ақпан -Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Қазақ, орыс және латыр тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С.Жакипова ВМ-МОА-06-24 тобымен қалалық жастар кітапханасында өткен «Кітап оқы- кітап сыйла» мерекелік іс-шараға қатысты.

Адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластық белгісі ретінде кітап ұсынатын күні көңілді әуен және кітапхана ауласында кітаптардан жасалған кітаптар көрмелері келген оқырмандарға керемет көңіл сыйлап тұр. Кітапты сыйлық ретінде қабылдап алу- тек балаларға ғана емес, ересектер үшін де қуанышты сезім екені анық. Кітап – адамзат қоғамының ұлы жетістігі,ұлы ұстазы.

Білім алушылар кітап көрмелеріндегі кітаптармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын сұрап, көптеген мағлұматтар алды.

Мерекелік іс-шара барысында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы атынан кітапхана қорына арнап бірнеше кітаптарды сыйға тартылды.

20.02.2025, 18:00
69 қаралым