12 сәуір – Ғылым қызметкерлер күні

12 сәуір – Ғылым қызметкерлер күніне орай, 12-17 сәуір аралығында «ОҚМА» АҚ қабырғасында «Спектрум: Зерттеулер және жаңалықтар апталығы» өтуде. Аталмыш апталық аясында 12 сәуір күні «Менің кафедрамның ғылыми белсенділігі» атты конкурс өткізілді. Конкурсқа 15 кафедрадан жиналған командалар қатысты және кезеңдік іріктеу барысында жеңімпаздар анықталып, оларға жүлделі сыйлықтар табысталды.


Кафедралар арасындағы конкурс 2 кезеңде өтті:
1. Бейнероликтер байқауы
2. Викторина


Байқау нәтижесінде, Жүлделі 1-ші орынды «Инфекциялық аурулар және дерматовенерология» кафедрасынан «Infection stars» командасы, 2-ші орынды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасынан «Лига здравоохранителей» командасы және 3-ші орынды «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасынан «Meta-pharm» командасы иегеленді.
Барлық қатысқан командаларға белсенділік үшін алғысымызды білдіреміз!

15.04.2024, 13:25
89 қаралым