1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

4 желтоқсан 2023 жылы «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен, 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай семинар өтті. Семинарға, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталықтың дәрігер-эпидемиологы Ертаев Асқар Сансызбайұлы, «Жалпы медицина» мамандығының студенттері В-ЖМҚБ-01-21 - Ташболат Камшат, В-ЖМҚБ-01-21 - Муратова Гульназ, В-ЖМОБ-10-21 - Иргаш Кахира Абдулкадерқызы, В-ЖМШ-30-21 - Sheikh Taha баяндама жасады. Семинарға қатысушыларға сертификат табысталды. 

11.12.2023, 16:50
212 қаралым