1 Наурыз - Алғыс айту күніне орай, «Тарихтан – тағылым, өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел

1.03.2023ж. - Алғыс айту күніне арналған Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» , «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары және Түркістан облысы мемлекеттік архивімен бірлесіп «Тарихтан – тағылым, өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ә.С.Еркінбекова жүргізді. Іс-шараға "Түркістан облысы мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.К. Исатаева, Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің меңгерушісі А.Қ. Нұржанова, ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының маманы Б.Н.Тұңғышбаев және М.Әуезов атындағы ОҚУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы А.М. Джалилов қатысты. А.М.Джалилов «Қазақстанға депортацияланған курд халқының тарихы» және А.Ә.Қабыл «1920-30жылдары Қазақстаннан шет жерлерге ауа көшкендер» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.
Іс-шара барысында «Қазақстан - бейбітшілік және келісім бесігі» тақырыбы бойынша бейнефильм ұсынылып, студенттер өз өнерлерін көрсетті

02.03.2023, 17:19
437 қаралым