«1 наурыз Алғыс айту – күні»

2023 жылдың 01 наурыз күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай  мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып,  қатысушыларды мерекемен құттықтады. Арнайы дайындалған концерттік бағдарлама қойылып, мереке күнінің шығу тарихы айтылды.

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.
Әрдайым мейірімді болайық, бауырмал болайық! Мереке құтты болсын.

02.03.2023, 17:26
658 қаралым