Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде Румынияның Клуж-Напока университетіндегі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» білім алушылар мен оқытушылар арасында Еуропалық әріптес жоғары оқу орындарымен академиялық алмасуды қайта бастағанын қуана хабарлаймыз.

Осылайша, "Фармация" мамандығының бірінші оқу жылының докторанты Бидайбек Рамазан және осы мамандықтың бірінші оқу жылының магистранты Бахытқызы Гаухар Erasmus+ International creditmobility 2022 жылдың 14 наурызынан бастап Румынияның Клуж-Напока университетінде оқуын бастады.

Сіздерге сәттілік пен бағдарламаның сәтті аяқталуын тілейміз!

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Erasmus+ International Credit Mobility аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін барлық студенттерге ЖОО сайтында және әлеуметтік желілерде ақпаратты қадағалауды ұсынады.

18.03.2022, 16:23
492 просмотров