2023 жылдың 30 қарашасында Қазақстанның липидологтарының бірінші съезі өтті.
"Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" КЕАҚ базасында 2023 жылдың 30 қарашасында Қазақстанның липидологтарының Бірінші съезі өтті.
Липидологтар съезінің жұмысына Түркістан облысының жетекші кардиологтары және ОҚМА ЖТД-3 кафедрасының оқытушысы Шуашева Е.А белсенді түрде қатысты. Жетекші липидолог мамандарының бірінші съезі халықаралық нұсқаулықтар мен заманауи тәсілдер негізінде липидтік қызмет аясында кардиоваскулярлық қауіпті төмендету мәселелерімен танысу және талқылау, атерогендік дислипидемиялар менеджментін талқылау, липидтік орталықтардың жұмысын ұйымдастыру, соның ішінде пациенттердің профилі және оларды бағыттау мәселелері, сонымен қатар дислипидемиясы бар күрделі пациенттерді емдеуде ҚР мамандары және халықаралық сарапшылар арасында тәжірибе алмасу бойынша өңірлердегі жұмыстарды консолидациялау үшін өткізілді.