Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «ТИН» ЖШС ӨНДІРІСТІК ДӘРІХАНАС...
12 қараша 2026
1
0
0

«ТИН» ЖШС ӨНДІРІСТІК ДӘРІХАНАСЫНДА «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІС ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 11 қарашада «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының профессоры Р.М. Анарбаева, аға оқытушылар С.Е. Нұрбаева және Г.Б. Шойнбаева «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушыларына «ТИН» ЖШС өндірістік дәріханасының базасында дуальды оқыту сабақтарын өткізді.

Оқу сабақтарына В-ФӨТҚА-01-24, В-ФӨТҚБ-01-24, В-ФӨТҚА-02-24, В-ФӨТҚБ-02-24 және В-ФӨТҚ-03-24 топтарының білім алушылары қатысты. Дуальды оқыту «Фармацевтикалық технология негіздері» пәні аясында ұйымдастырылып, білім алушыларға теориялық білімдерін нақты өндірістік тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Оқу-өндірістік сабақ барысында «Инъекцияға арналған ерітінділер технологиясы» және «Инфузиялық ерітінділерді дайындау» тақырыптары қарастырылды. Білім алушыларға дәрілік ерітінділерді дайындаудың технологиялық кезеңдері, өндірістік үдерістердің ерекшеліктері және қолданылатын жабдықтармен жұмыс істеу тәртібі көрсетілді.

Дуальды оқыту барысында білім алушылар зертханалық және өндірістік жабдықтармен жұмыс істеп, дәрілік препараттарды өндіру технологиясының негізгі қағидаларын нақты мысалдар арқылы бекітті. Өндірістік ортада өткен сабақтар олардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға және болашақ мамандығының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге ықпал етті.

Дуальды оқыту жүйесі теория мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз етіп, білім алушылардың нақты өндірістік міндеттерді шешу қабілетін дамытады. Сонымен қатар, мұндай сабақтар болашақ фармацевт-технологтардың кәсіби даярлық деңгейін арттырып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Осылайша, «ТИН» ЖШС өндірістік дәріханасында ұйымдастырылған дуальды оқыту оқу үдерісінің практикалық құрамдас бөлігін нығайтып, кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдылары үйлескен білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Пікірлер орны (0)