Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Жастар арасында стресс пен эмо...
19 қазан 2026
1
0
0

Жастар арасында стресс пен эмоционалдық күйзелістің алдын алу

2026 жылғы 16 қазанда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы А. Б. Турматованың ұйымдастыруымен «Стоматология» білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушылары арасында «Жастар арасында стресс пен эмоционалдық күйзелістің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Жанат Оралбайқызы Нуржанбаева және Психологиялық қызметтің меңгерушісі Ерхан Әшірханұлы Әмірхан қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастар арасында стресс пен эмоционалдық күйзелістің алдын алу, білім алушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, эмоцияларды басқару дағдыларын қалыптастыру және күрделі жағдайларда психологиялық тұрақтылықты сақтауға үйрету.
Іс-шараның алғы сөзін Нуржанбаева Жанат Оралбайқызы сөйлеп, қазіргі қоғамда жастардың психологиялық саулығын сақтау, күйзеліске төзімділігін арттыру және қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Психологиялық қызметтің меңгерушісі Ерхан Әшірханұлы Әмірхан студенттерге стресстің негізгі себептері мен белгілері, оның адамның физикалық және психологиялық денсаулығына әсері, сондай-ақ эмоционалдық күйзелістің алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Білім алушыларға жағымсыз эмоцияларды басқару, уақытты тиімді жоспарлау, дұрыс демалу, өзіне деген сенімділікті арттыру және қажет болған жағдайда мамандардан психологиялық көмек алу жөнінде практикалық кеңестер ұсынылды.
Кездесу барысында студенттер тақырыпқа белсенді қатысып, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Олар күнделікті өмірде және оқу үдерісінде кездесетін күйзелісті жағдайлар туралы айтып, маманға сұрақтар қойды. Сонымен қатар стрестік жағдайларды жеңуге бағытталған психологиялық жаттығулар орындалып, түрлі жағдаяттар талқыланды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар жастардың психологиялық денсаулығын сақтау үшін өзара қолдау көрсету, жағымды қарым-қатынас орнату, белсенді өмір салтын ұстану және эмоциялық жағдайға жауапкершілікпен қарау маңызды деген қорытындыға келді.
Аталған іс-шара білім алушылардың психологиялық сауаттылығын арттыруға, өз эмоцияларын дұрыс басқаруға және қиын жағдайларда тиімді шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)