Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Ыбырай Алтынсариннің 185 жылды...
19 қазан 2026
1
1
1

Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Отбасылық медицина» кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер К. Аташованың ұйымдастыруымен №1 қалалық емхананың акт залында ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шараға «Отбасылық медицина» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен іТҚ 09-26 және іТО 14-26 топтарының интерн-дәрігерлері қатысты.

Кездесу барысында Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесіндегі адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық пен қайырымдылық құндылықтарына ерекше назар аударылды. Шығарманың тәрбиелік мәні заманауи медициналық этика және деонтология қағидаларымен сабақтастырылып, дәрігердің кәсіби қызметіндегі рухани-адамгершілік ұстанымдардың маңыздылығы талқыланды.

Тағылымды басқосу аясында интерн-дәрігерлер тақырып бойынша баяндамалар жасап, науқастармен тиімді қарым-қатынас орнату, дәрігердің моральдық-этикалық жауапкершілігі және медициналық қызмет көрсетудегі ізгілік қағидалары төңірегінде пікір алмасты.

Пікірлер орны (1)
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
👍👍👍👏👏👏💥