Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Ұлы дала мұрасы» танымдық сая...
29 қазан 2026
1
0
0

«Ұлы дала мұрасы» танымдық саяхат

28.10.2026 жылы қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С.Жакипова «Ұлы дала мұрасы» танымдық іс-шара аясында тәлімгерлік тобымен бірге «Шымқала» этноауылына барып, қаламыздың төл тарихымен, тарихи жәдігерлермен танысты. Шымкент- Қазақстандағы өзінің тарихи өзегін сақтап қалған жалғыз қала.Орта ғасырларда, Жібек жолының ең маңызды тармағы болған қала. Мұражай маманы мұражайға келушілерге тарих қойнауынан мол мағлұматтар берді. Цитодель тарихы және ондағы экспонаттар әрбір келушіге қызықты болды. Білім алушылар саяхат барысында терең мағлұматтар мен тартымды әсерлерімен бөлісті.

Пікірлер орны (0)