Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Тағзым мен тазалық – ұрпақ жау...
4 қараша 2026
1
0
0

Тағзым мен тазалық – ұрпақ жауапкершілігі


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының тәлімгерлері, тәлімгерлік 6В10106-Фармация БББ 5 курс, жеделдетілген 2-жылдық білім алушылары және Жастар саясаты бөлімі, әлеуметтік мәселелер бойынша бас маманы Баймбетова Б.С. бірлесе Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалдық кешенінде сенбілік ұйымдастырды. Игі шараның негізгі мақсаты – тарихи орындарға құрмет көрсету, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және жастардың бойында қоғамдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Сенбілік барысында білім алушылар мемориал аумағын қоқыстан тазартып, айналасын ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Студенттер ортақ іске белсенді атсалысып, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсетті.
«Қасірет» мемориалы – халқымыздың өткен тарихын еске салып, жазықсыз құрбан болған азаматтардың рухына тағзым ететін тағылымды орын. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың тарихи санасын қалыптастырып, елдік құндылықтарға деген құрметін арттырады.
Сенбілікке қатысқан болашақ фармацевттер тазалық пен тәртіптің әр азаматтың өзінен басталатынын іс жүзінде көрсетті. Қоғамдық бастама студенттердің азаматтық белсенділігін нығайтып, туған қалаға жанашырлықпен қарауға және рухани мұраны қастерлеуге үндеді.

Пікірлер орны (0)