Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Республика күні – Тәуелсіздік...
23 қазан 2026
1
0
0

«Республика күні – Тәуелсіздіктің алтын діңгегі»


ОҚМА «Педиатрия-2» кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Е.Бектенованың жетекшілігіен, кафедра ассистенттері Г.М.Онласбекова және А.М.Абдиеваның ұйымдастыруымен 23- қазан күні ВМ-МҚА 04-23, ВМ-МҚБ-04-23 топтарымен Республика күніне арналған «Республика күні – Тәуелсіздіктің алтын діңгегі» атты тәрбие сағаты өткізілді.  
Іс-шараның негізгі мақсаты - жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді ұялату, ,білім алушыларға мемлекеттік рәміздерді, ана тілін, мәдениет пен салт-дәстүрді қадірлеуге баулу, болашақ мамандарға еліміздің дамуы мен гүлденуі тікелей олардың білімі мен еңбегіне байланысты екенін ұғындыру, көпұлтты Қазақстан халқының достығын, бейбітшілігі мен өзара келісімін сақтаудың маңыздылығын көрсету.
 Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Республика күні өткен тарихты ұлықтайтын, ұлттық бірлік пен ынтымақты дәріптейтін ұлттық мереке екенін білім алушылар жақсы ұғына білді. Мерекелік іс-шара барысында білім алушылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы тарихи оқиғалар мен мемлекетіміздің дамуы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Бүгінгі таңда егемендікті баянды ету, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы беделін арттыру — жас ұрпақтың, әсіресе ізденімпаз білім алушыларымыздың  басты міндеті.
Республика күні – бұл біздің ортақ мақтанышымыз бен болашаққа деген нық сеніміміздің символы. Әрбір саналы азамат, әрбір білім алушы бұл мерекенің мәнін жүрекпен сезінуі тиіс. Көк байрағымыз тұғырынан түспей, еліміздің іргесі мықты болсын. Болашағы жарқын, егемендігі баянды Қазақстанды бірге құру – бүгінгі жастардың қасиетті борышы!

Пікірлер орны (0)