Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары “Радиологияны оқытудағы цифрла...
6 қараша 2026
1
0
0

“Радиологияны оқытудағы цифрландыру: клиникалық құзыреттіліктерге жол”

2026 жылғы 5 қарашада Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фтизиопульмонология және радиология» кафедрасының ұйымдастыруымен “Радиологияны оқытудағы цифрландыру: клиникалық құзыреттіліктерге жол” тақырыбында клиникалық-әдістемелік дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – радиологияны оқыту үдерісіне заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу, тәжірибе алмасу және резиденттердің кәсіби-клиникалық құзыреттіліктерін дамыту жолдарын талқылау болды. 
Дөңгелек үстел барысында радиологиялық білім берудегі цифрлық трансформацияның заманауи бағыттары, цифрлық кескіндерді талдау және олардың негізінде клиникалық шешім қабылдау мәселелері қарастырылды. 
Сонымен қатар, радиология мамандығының бірінші оқу жылы резиденттерінің қатысуымен тәжірибелік сессия өткізіліп, олардың диагностикалық кескіндерді талдау және клиникалық тұрғыдан интерпретациялау дағдыларына назар аударылды. Пікір алмасу барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті оқу үдерісінде тиімді пайдалану, олардың мүмкіндіктері мен шектеулерін бағалау мәселелері талқыланды.
Кафедраның негізгі басымдығы – заманауи цифрлық технологияларды меңгерген, диагностикалық ақпаратты дұрыс интерпретациялайтын және клиникалық шешім қабылдай алатын бәсекеге қабілетті радиолог мамандарды даярлау. 
Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, оқытудың инновациялық әдістерін дамытуға және радиология бойынша білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды ғылыми-әдістемелік алаң болды.

Пікірлер орны (0)