
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Медицина» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-на «Педиатрия-2» кафедрасына, «Балалар аурулары-1» пәнін меңгеруге келді.
Білім алушылар үшін академия бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Академия музейінде тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы, қонақтарға «ОҚМА» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы, дәстүрлері, қызметінің маңызды кезеңдері мен жетістіктері туралы айтып берді. Білім алушылар музей экспозицияларымен, тарихи материалдармен және академияның макетімен танысты.
Морфофизиология кафедрасының оқытушысы Джубанишбаева Гаухарай Ниязкуловна анатомиялық музейге экскурсия жүргізіп, білім алушыларға ондағы оқу анатомиялық препараттарымен және көрнекі материалдармен таныстырды. Қонақтар академия кітапханасының кітап қоры мен білім беру ресурстарымен және Шымкент қаласының көрнекті орындарымен танысты.
Сонымен қатар «Облыстық балалар ауруханасының» супервизия үйлестіру орталығында болды.
Экскурсиялық бағдарлама «Медицина» факультетімен, «Педиатрия-2» кафедрасы және ВМ-МҚА-04-23 тобының ұйымдастырылуымен өткізілді.