Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Адам өміріне деген махаббат»
23 қазан 2026
1
1
2

«Адам өміріне деген махаббат»

«Отбасылық медицина» кафедрасының ПОҚ ұйымдастыруымен кафедра ассистенті Ешимбетова Дилдора Дамирқызының жетекшілігінде ІТҚ-10-26 және ІТО-13-26 тобының дәрігер-интерндері №29 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін орта мектептің мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткі заттарының, электронды сигареттер мен темекі өнімдерінің зияны туралы ақпарат беру мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында адам өмірі мен денсаулығының ең басты құндылық екені атап өтілді. Оқушыларға есірткі заттарын қолданудың жүйке жүйесіне, жүрекке, бауырға және басқа ағзаларға ауыр зиян келтіретіні түсіндірілді. Есірткіге тәуелділік адамның психикалық жағдайын бұзып, оқуына, отбасылық қарым-қатынасына және болашағына кері әсер ететіні айтылды. Зиянды ұсыныстарға сенімді түрде «жоқ» деп айту және қиын жағдайда ересектерден көмек сұрау қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар, электронды сигареттердің қауіпсіз еместігі туралы мәлімет берілді. Олардың құрамындағы никотин тәуелділік тудырып, жасөспірімдердің миы мен жүйке жүйесінің дамуына, тыныс алу мүшелері мен жүрек-қантамыр жүйесіне теріс әсер етеді. Электронды сигарет буының құрамында адам ағзасына зиянды химиялық заттар болуы мүмкін екені түсіндірілді.
Темекі шегуден бас тартудың денсаулықты жақсартуға, тыныс алуды жеңілдетуге, жұмыс қабілетін арттыруға және түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетіні айтылды. Оқушыларға зиянды әдеттен арылу үшін нақты шешім қабылдау, темекі шегуге итермелейтін ортадан алшақ болу, спортпен шұғылдану және медицина мамандары мен психологтердің көмегіне жүгіну ұсынылды.


Іс-шара барысы сұрақ-жауап және пікір алмасу түрінде өтті. Нәтижесінде оқушылардың есірткі, темекі және электронды сигареттердің зияны туралы білімдері кеңейіп, өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсінді.

Пікірлер орны (2)
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
👍👍👍👏👏👏💥
Динара Нарзуллаева
👍👍👍