Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары 25 қазан - Республика күні!
23 қазан 2026
1
0
0

25 қазан - Республика күні!

2026 жылдың 22 қазанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында шет тілдері кафедрасының ұйымдастырумен 25 қазан – Республика күніне орай байланысты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына ВМ-МҚА-06-26, ПҚБ-01-26 тобының студенттері қатысты.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуына жол ашқан маңызды тарихи қадам болды.


Республика күні - Қазақстан халқы үшін ерекше маңызы бар ұлттық мереке. Бұл күн еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін және бірлігін білдіреді. 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болды. Осы құжат арқылы еліміздің дербес мемлекет болуына негіз қаланды. Ал, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.


Бүгінде Қазақстан - өзінің мемлекеттік рәміздері, тілі, мәдениеті мен тарихы бар тәуелсіз мемлекет. Еліміздің басты байлығы - бейбітшілік, халықтар арасындағы татулық және бірлік.
Әрбір азамат Отанын құрметтеп, оның дамуына үлес қосуы керек. Әсіресе, жас ұрпақ білім алып, адал еңбек етіп, еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарауы маңызды.
Республика күні - елдігімізді дәріптейтін, тарихымызды құрметтейтін және болашаққа сеніммен қарайтын мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Пікірлер орны (0)