Компьютерлік тестілеу және баспахана орталығы (КТБО) жанынан 01.10.2025ж №157-ө бұйрығымен "Киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау" маманы ашылды.
Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
Ақпараттық қауіпсіздік — академияның барлық деректерін, ақпараттық жүйелерін, серверлерін және желілік инфрақұрылымын қорғауға бағытталған маңызды сала. Оның негізгі мақсаты — ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі деректердің келесі қауіп-қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етеді:
рұқсатсыз қолжетімділіктен;
жоғалудан;
әдейі немесе кездейсоқ өзгертілуден;
жойылудан.
Сонымен қатар ақпараттық ресурстарды пайдалану барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және алдын алу шараларын іске асыруды қамтиды.
Бұл бағыттағы барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына толық сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда:
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы № 94-V (2013 ж.)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000094
«Ақпараттандыру туралы» Заңы (24 қараша 2015 жыл, № 418-V)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000418
Академияда қолданылатын барлық деректер қорын, серверлерді, ақпараттық жүйелерді және желілік инфрақұрылымды келесі қауіптерден қорғау қамтамасыз етіледі:
кибершабуылдардан;
зиянды бағдарламалардан;
рұқсатсыз қолжетімділіктен;
техникалық ақаулардан.
Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік саясаты енгізіліп, ол тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Студенттер мен қызметкерлердің дербес деректерінің құпиялылығын сақтау — ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі басым бағыттарының бірі.
Осы бағытта келесі жұмыстар атқарылады:
дербес деректердің заңсыз таралуына жол бермеу;
мәліметтердің өзгертілуі немесе жойылуының алдын алу;
жеке деректерді қорғау талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
Академияның ақпараттық жүйелері мен желілерінің сенімді және үздіксіз жұмыс істеуі оқу үдерісі мен әкімшілік қызметтің тиімділігін арттырады.
Осы мақсатта:
жүйелерге тұрақты мониторинг жүргізіледі;
деректердің резервтік көшірмесі жасалады;
ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету шаралары жүзеге асырылады.

«Қыркүйек – Ұлттық киберқауіпсіздік айы» аясында 21 қыркүйек күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ білім алушыларына арналған «Кибергигиена – цифрлық қауіпсіздіктің негізі» тақырыбында әдістемелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы хабардар ету, жеке деректерді қорғау дағдыларын қалыптастыру және киберқылмыстың алдын алу.

Іс-шараның ұйымдастырушысы әрі модераторы – «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ цифрлық офицері Нұрпейісов Айбек Сенбекұлы. Кездесу барысында сала мамандары бірқатар маңызды тақырыптар бойынша баяндама жасады:
Бахытжан Бекбаев, Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны, «Интернет-алаяқтық» тақырыбында сөз сөйлеп, алаяқтардың кең таралған тәсілдері мен олардан қорғану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, Полиция департаментінің өкілдері интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған бейнематериалдарды көрсетіп, нақты жағдайлар негізінде киберқауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын жеткізді.
Құрманғазы Мұратов, Shymkent Hub жергілікті менеджері, «Цифрлық гигиена» тақырыбында баяндама жасады.
Сабыржан Аблайханұлы Арынбаев, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ киберқауіпсіздік және ақпараттық жүйелерді қорғау маманы, «Студент және цифрлық қауіпсіздік: күнделікті өмірдегі кибергигиена» тақырыбында баяндама жасап, білім алушыларға киберқауіптерден қорғанудың негізгі қағидаларын таныстырды. Іс-шара барысында қатысушылар интернет-алаяқтықтан қорғану, сенімді құпиясөздерді пайдалану, күмәнді сілтемелерді анықтау, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша маңызды мәліметтерді алды.
Кибергигиена талаптарын сақтау – цифрлық ортадағы киберқауіпсіздіктің басты шарты. Әрбір қолданушының жауапкершілігі мен сақтығы киберқауіптердің алдын алуға көмектеседі. Іс-шара барысында сондай-ақ Шымкент қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Аружан Русланқызы Әлжан «Қаржылық сауаттылық» және Шымкент қаласы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Жұмабай Бақдәулет Мамырханұлы «Қауіпсіз орта: буллингтің алдын алу және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасады.

Шымкент қалалық білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы №05-3-05-4/7931-И хатына сәйкес, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, 1–15 желтоқсан аралығында өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойынын ұйымдастыруды жоспарлаған болатын.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды қаржылық алаяқтықтың түрлі схемаларынан хабардар ету, соның ішінде қаржы пирамидалары, дроппершілік, цифрлық гигиена сияқты маңызды тақырыптар бойынша білімдерін арттыру. Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойыны өткізіліп, студенттер қаржылық қауіпсіздік дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алды.



 1 of 1.png)




