ОҚМА Әдістемелік кеңесі – академияның Алқалы органының нысаны болып табылады. Әдістемелік кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын алқалы басқару органдары қызметінің үлгілік қағидаларын» (ҒжЖБМ-ның 2025 жылғы 11 наурыздағы бұйрығы) басшылыққа алады.
Әдістемелік кеңес – жоғары білім беру жүйесінің басым міндеттеріне, «ОҚМА» АҚ даму стратегиясына және қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуына сәйкес «ОҚМА» АҚ қызметін тиімді, ашық және еркін басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
Әдістемелік Кеңестің негізгі міндеттері төмендегідей:
-
Академиялық қызметтің негізгі мәселелері бойынша шешімдерді қарау, талқылау және қабылдау;
-
Білім беру үдерісіне инновацияларды енгізуге ықпал ету;
-
Қоғам мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі тараптар алдында өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
-
Ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін «ОҚМА» АҚ құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара байланыс реттілігін нығайту;
-
Оқу-әдістемелік үдерісті жетілдіруге және педагог қызметкерлерге практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарастыру;
-
«ОҚМА» АҚ ПОҚ шығаратын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдары мен басқа да материалдарды басып шығаруды жоспарлау, сараптаманы ұйымдастыру және ұсыну;
-
«ОҚМА» АҚ оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
-
Білім беру үдерісін цифрландыру үдерістерін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру, электрондық білім беру ресурстары мен платформаларын енгізу және оларды қолдану сапасын бақылау;
-
Цифрлық білім беру технологияларын енгізу тиімділігін талдау, ПОҚ мен білім алушылардың цифрлық сауаттылығына мониторинг жүргізу, цифрлық оқыту ортасын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
-
Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жалпылау және тарату;
-
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру;
-
Медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту және оны іске асыруда басым бағыттарды қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-
Мүдделі тараптар алдында өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
-
МЖМБС талаптарын ескере отырып жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сараптама ұйымдастыру;
-
Академиялық комитеттер мен сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялардың, құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
-
Академиялық негізгі мәселелер бойынша шешімдерді қарау, талқылау және қабылдау;
-
Оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық тасымалдағыштар мен дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру;
-
Практикалық денсаулық сақтау мен медицина және фармацевтика ғылымының басым бағыттарын болжау негізінде білім беру бағдарламаларының тізбесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау;
-
Тест тапсырмаларын және білім алушылардың білімін бақылаудың басқа да нысандарын әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыру;
-
Білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді қарастыру;
-
Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
-
ӘК шешімдерінің орындалуын іске асыруды талдау, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау және қажет болған жағдайда түзету шараларын қабылдау.