
ОҚМА Фармация факультеті Фармацевтикалық, токсикологиялық химия және фармакогнозия кафедрасы ФҚА-01-23 және ФҚБ-01-23 топ студенттерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылықты таны және үнсіз қалма» тақырыбында кураторлық ашық сағат өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілерін түсіндіру, оның алдын-алу жолдарын қарастыру және қиын жағдайға тап болған кезде көмекке жүгіну тәртібі туралы ақпарат беру. Ашық сабақ барысында тақырыпқа сай арнайы танымдық ойындар ұйымдастырылып, студенттер арасында сұрақ-жауап жүргізілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талқылап, белсенділік танытты.
Іс-шара соңында кафедра профессоры Серікбаева А.Д. студенттерге қорытынды сөз сөйлеп, зорлық-зомбылыққа бейжай қарамаудың, өз құқықтарын білудің және қажет жағдайда дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын атап өтті.