Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Зорлық-зомбылықты таны және ү...
18 қараша 2026
1
0
0

«Зорлық-зомбылықты таны және үнсіз қалма!»

2026 жылғы 17 қарашада фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында ВМ-МШБ-02-23 тобының білім алушыларының қатысуымен «Зорлық-зомбылықты таны және үнсіз қалма!» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Іс-шара барысында білім алушыларға зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері, оның ішінде физикалық, психологиялық және эмоционалдық зорлық-зомбылықтың белгілері түсіндірілді. Сонымен қатар зорлық-зомбылық жағдайларын дер кезінде анықтау, олардың алдын алу және көмекке жүгіну жолдары талқыланды.

Кураторлық сағатта білім алушылардың өзара сыйластық танытуына, адамның жеке құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуіне және зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне бейжай қарамауына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, осындай жағдайларға тап болған кезде сенімді тұлғаларға, тиісті мамандарға және құзырлы органдарға жүгінудің маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар болашақ дәрігерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, адам құқықтарын құрметтеуге және кәсіби қызметінде зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде танып, зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)