
2026 жылдың 5 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы жатақханасында кезекшілік кезеңінде білім алушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында дойбыдан тартысты бақ сынасу ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жастардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын шыңдау және жатақхана тұрғындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Тартысқа толы ойын барысында қатысушылар өздерінің зеректігін, шапшаңдығын және тақта үстіндегі ерекше тәсілдерін көрсете білді. Жатақхана тұрғындары мұндай іс-шаралардың студенттік өмірді қызықты әрі есте қаларлық ете түсетінін айтып, ризашылықтарын білдірді.