
16 қазан күні ОҚМА Медбиофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы В-ФО-02-26 тобының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – көмекке мұқтаж білім алушыларға қолдау көрсету және жастар арасында мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, студенттер өз өнерлерін ортаға салды.