
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» Отбасылық медицина кафедрасының ұйымдастыруымен ІТО 14-26 тобының интерн-дәрігерлері өздерінің тәлімгері К.К. Аташовамен бірге «Жүректен жүрекке» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.
Бұл жолы жас дәрігерлер өздерінің мейірімі мен жүрек жылуын көпбалалы анаға арнады. Іс-шараның басты мақсаты — қоғамдағы ана мәртебесін ұлықтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және мұқтаж жандарға әрқашан қолдау білдіріп, қамқорлық таныту.
Шара барысында интерн-дәрігерлер жылы лебіздерін білдіріп, анаға ізгі тілектерін арнады. Мұндай қайырымдылық пен тәрбиелік маңызы бар бастамалар жас мамандардың бойында адамгершілік, жанашырлық пен кәсіби этика қасиеттерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.