
2026 жылғы 10 қарашада «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М.М. Маликовтің ұйымдастыруымен 1-курс білім алушыларының қатысуымен «Жасанды интеллект және құқық: болашаққа көзқарас» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға жасанды интеллект технологияларын қолданудың құқықтық және этикалық қырларын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығы мен сыни ойлау қабілетін дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын насихаттау, сондай-ақ жасанды интеллектіні қауіпсіз, жауапты және академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес пайдалану мәдениетін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Конституциясын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар топтамасы аясында ұйымдастырылған семинарда жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы және оларды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері қарастырылды. Білім алушылар жасанды интеллектіні қолдану барысында адам құқықтарын қорғау, дербес деректердің құпиялылығын сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авторлық құқықты сақтау, академиялық адалдықты ұстану және технологияны жауапкершілікпен пайдалану мәселелерін талқылады.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллектінің қоғам мен құқықтық жүйеге ықпалы жөнінде пікір алмасып, нақты жағдаяттарды талдады. Сонымен қатар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі мен маңызына ерекше назар аударылды.
Ғылыми семинар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.