03.11.2026ж Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасының ұйымдастыруымен ФҚАБ-01-25, ФО-02-25 және ФӨТҚБ-03-25 топтарының студенттері Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық бағытындағы іс-шара өткізді.
Іс-шара доц м.а, пед.ғ.к Дильдабекова Лаззат Анаркуловнаның және аға оқытушы Саденова Ақнұр Абдухамитовнаның жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Шара аясында балалар кинотеатр мен ойын-сауық орталығына апарылып, қызықты фильм тамашалап, түрлі ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар оларға тәттілер мен попкорн ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Кездесудің басты мақсаты – балаларға қамқорлық таныту, олардың көңіліне қуаныш ұялату және қоғам тарапынан қолдау бар екенін сезіндіру. Мұндай игі бастамалар жастардың бойында мейірімділік, жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жақсылық жасау үшін үлкен мүмкіндік қажет емес, ең бастысы – шынайы ниет пен ізгі жүрек.
Жақсылық жасау – жүректен басталады!