
ОҚМА Терапия кафедрасында «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі: денсаулық сақтау саласы мен жастардың рөлі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға 60 адам қатысты. Олардың қатарында терапия кафедрасының оқу жұмысы жөніндегі меңгерушісі Кулишманова М.К., кафедра ассистенттері Усманова М.Б. мен Кенжаева А.Б., кездесу жетекшісі Темиркулова Ш.А, сондай-ақ ВМ-МҚА-08-23, ВМ-МҚБ-07-23 және ВМ-МҚА-07-23 топтарының 4-курс студенттері болды. Кездесудің хатшысы қызметін 4-курс студенті Мендгалиева Ару Артурқызы атқарды.
Кездесуді ашқан Темиркулова Ш. А іс-шараның негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап, жаңа Конституцияның маңыздылығына, оның негізгі ережелеріне, мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтудағы және қоғамды дамытудағы рөліне ерекше тоқталды.
Іс-шара аясында 4-курс студенті Каппар Бекзат Ғабитұлы «Жаңа Конституция: азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы, цифрлық медицина және жастардың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол азаматтардың денсаулығын сақтау құқығының конституциялық негіздерін, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, цифрлық кеңістікте дербес деректерді қорғау, сондай-ақ ғылым мен инновациялық технологияларды дамыту мәселелерін қамтыды.
Қатысушылар болашақ медицина мамандарының құқықтық сауаттылығы, кәсіби жауапкершілігі және денсаулық сақтау саласын цифрландыру жағдайында ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ашық пікір алмасу барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, азаматтық ұстанымды қалыптастырудың, жастардың құқықтық мәдениетін арттырудың және болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттер арасында Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіруге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және болашақ медицина мамандарының кәсіби жауапкершілігін нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара сындарлы диалог пен мазмұнды пікір алмасу форматында өтіп, студенттердің азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.