
2026 жылғы 26 қарашада «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Г.С.Айдарбекова мен аға оқытушы М.М. Маликовтың ұйымдастыруымен 1-курс В-СТҚАБ-04-26, В-СТҚАБ-07-26 және В-СТҚАБ-08-26 топтарының білім алушыларына арналған «Заң мен тәртіп: білім алушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Елтаев Мейірман Қуанышбекұлы қатысты. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың негізгі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Кездесу барысында білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы мінез-құлық қағидалары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Полиция майоры М.Қ. Елтаев жастарды заң талаптарын қатаң сақтауға, өз құқықтарын заңды жолмен қорғауға және өзге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға шақырды.
Іс-шара барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер алды. Кездесу жастардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге, заңға құрметпен қарауына және қоғам алдындағы жауапкершілігін терең түсінуіне ықпал етті.