
2026 жылдың 5 қазанында Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен білім алушы қыздар арасында волейболдан кезекті іріктеу жарысы өтті. Бұл тек спорттық бәсеке емес, бойында жалыны бар жастарды салауатты өмір салтына баулитын, достық пен ұйымшылдықтың туын тіккен ерекше күн болды.
Ойын алаңында нағыз мінез бен жеңіске деген шексіз құштарлық байқалды. Қатысқан 4 команда да барын салып, әр ұпай үшін аянбай алысты. Жанкүйерлердің ыстық қолдауы мен алаңдағы тартысты сәттер ұмытылмас ерекше атмосфера сыйлады.
Орайы келгенде көп арасынан суырылып шыққан, алдағы уақытта академиямыздың намысын қорғайтын ең үздік, ең мықты аруларымыздың аты-жөндерін атай кетейік.
1. Умеркул Аружан — ВМ-СОА-09-26
2. Мафрулла Айгерім — ВМ-САА-12-26
3. Тәңірберген Іңкәр — ВМ-МҚА-02-26
4. Елеш Әмина — ВМ-СҚБ-05-26
5. Жақсылық Ұлжан — ВМ-МҚА-07-26
6. Әділбек Дариға — ВМ-МҚБ-07-26
7. Раушанбек Нұрбала — ВМ-МҚА-02-26
8. Тенелова Аяулым — ВМ-МҚА-02-26
9. Төребек Ақерке — ВМ-МҚБ-03-26
10. Еман Жанерке — ВМ-СҚБ-06-26
11. Төлен Нурикамал — ВМ-СҚБ-06-26
12. Сейдулла Жания — ВМ-СҚБ-02-26
13. Токтасунова Зураида — ВМ-МОА-12-26
14. Турымбетова Ұлдана — В-ФӨТҚБ-01-25