Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Волейбол: қозғалмалы ойындар»...
18 қараша 2026
1
0
0

«Волейбол: қозғалмалы ойындар» тақырыбында ашық сабақ өтті

2026 жылғы 17 қараша күні сағат 10:00–11:50 аралығында аға жаттықтырушы-оқытушы Дуйсенов Биржан Абилахановичтің ұйымдастыруымен В-ФӨТБББ-01-25 тобында «Волейбол: қозғалмалы ойындар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа Әдістемелік бөлім меңгерушісі Бақыт Мұратқызы Рашева, Дене тәрбиесі орталығының жаттықтырушылары, сондай-ақ топтағы барлық тоғыз білім алушы қатысты.
Сабақтың негізгі мақсаты - білім алушылардың волейбол ойынына деген қызығушылығын арттыру, қозғалмалы ойындар арқылы ептілік, жылдамдық және командалық үйлесімділік қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысында білім алушылар арнайы жаттығулар мен түрлі қозғалмалы ойындарға белсене қатысып, ойын техникасын жетілдіру бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Оқытушы тарапынан әрбір жаттығудың орындалу техникасына ерекше мән беріліп, қауіпсіздік ережелері толық сақталды.

Пікірлер орны (0)