
2026 жылдың 12 қарашасында Оңтүстік қазақстан медицина академиясында «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифрлық қауіпсіздік және дропперлік» тақырыбында танымдық-құқықтық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға “Химиялық пәндер, биология және биохимия” кафедрасының меңгерушісі, проф.м.а. Дәуренбеков Қ.Н., аға оқытушылар және ВМ-СҚБ-04-26, ВМ-МқҚБ-06-26, ВМ-СҚқБ-03-26, ВМ-СҚқА-03-26 топтары білім алушылары қатысты.
Кездесуге ZAN PROTECT компаниясының юристі әрі спикері Құралбек Шехереза да қатысты.
Іс-шараның мақсаты – студенттер мен жастарға цифрлық ортада жеке деректерді қорғаудың жолдарын түсіндіру, интернет-мошенниктік схемалардың алдын алу, сондай-ақ қаржылық сауаттылықты арттыру.
Кездесу барысында қатысушылар цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен «дропперство» ұғымының мағынасын жан-жақты талқылады. Алаяқтардың зымиян әрекеттері арқылы жастарды заңсыз қаржылық операцияларға, яғни ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қалай қасақана немесе білмей тартып жататыны нақты мысалдармен түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз банк карталарын немесе шоттарын басқа тұлғаларға берудің және күмәнді операцияларға қатысудың қандай қатаң құқықтық жауапкершілікке әкеп соғатынына ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар цифрлық гигиенаны сақтау, өз дербес деректерін қатаң қорғау және алаяқтардың тұзағына түспеу үшін қажетті сақтық шаралары жөнінде пікір алмасып, құқықтық кеңестер алды.
Бұл іс-шара білім алушылардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етті. Кездесу соңында қатысушылар киберқауіпсіздік пен қаржылық тәртіпті сақтау әрбір саналы азамат үшін басты міндет екенін түсініп, қорытынды ойларымен бөлісті.